"Барыс" Уфада жеңіске жете алмады

268

Елордалықтар қатарынан үш ойында жеңіліс тапты. 

"Барыс" Уфада жеңіске жете алмады

"Барыс" жаңа жылдың алғашқы сырт алаңдағы сапарын Уфада жалғастырды. Бұл кездесуде астаналықтардың бапкерлер штабы Батырлан Мұратов пен Кирилл Ляпуновтың орнына Эмиль Галимов пен Семён Симоновты ойынға қосты. Ал Адам Шил қатарынан екінші матчта негізгі құрамда алаңға шықты.

Ойынның тағдырына әсер еткен шешуші сәт алғашқы минутта тіркелді. Кездесудің 60-секундында Егор Сучков есеп ашып, айдын иелеріне басымдық сыйлады. Кейін жағдайды Всеволод Логвиннің бес минуттық айып алаңына жіберілуі күрделендіре түскендей болды. Дегенмен, "Барыс" бұл қысымды еңсеріп, қақпашы Адам Шил осы сәтте бірнеше әдемі сейв жасап, командасын қиындықтан алып шықты.

Ойын тізгінін өз қолына алған қазақстандық ұжым Дінмұхамед Қайыржанның дәл соққысымен есепті теңестірді. Бұдан кейін "Барыс" алты минут бойы басымдықта ойнағанымен, гол соға алмады.

Шешуші үшінші кезеңде Евгений Кузнецов мергендік танытса, матчтағы соңғы нүктені Максим Кузнецов қойды. Уфалықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық клуб қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты.

12 қаңтарда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында Екатеринбургте "Автомобилист" командасына қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу