"Барыс" ұпай жоғалтты

1502

Кездесудің небәрі 27-секундында "Северсталь" есеп ашты.

"Барыс" ұпай жоғалтты

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында "Северстальға" қарсы матчта "Барыс" командасы жеңіліп қалды. Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.

Бірінші кезең қазақстандық команда үшін сәтсіз басталды. Қонақтар ойын басталғаннан кейін 27 секундтан соң есеп ашып, Йони Ортионың қақпасына саңылау тапқан Игорь Гераскин гол соқты.

Алғашқы голдан кейін 3 минутқа да жетпей Адам Лишка есепті еселей түсіп, қонақтар басымдылығын одан әрі арттырды. Ал 1-кезеңнің ортасына қарай Адам Лишка дубль жасап, "Северстальдың" пайдасына есепті 3:0-ге дейін жеткізді.

Үзілістен соң "Барыс" 1 минутта қарсыластар қақпасына екі  шайба соғып, камбэк жасады. Кездесудің 31 минутында Әлихан Әсетовтың нәтижелі пасын Егор Петухов голға айналдырды. Ал 32-минутта Джесси Блэкер мен Никита Михайлистің шығарған пасын, Кертис Волк қақпаға дәл бағыттады. Есеп 3:2.

Үшінші кезеңде алаң иелерінің кездесудегі жағдайды өзгертуге мүмкіндіктері болды. Бірақ олар оны пайдалана алған жоқ. Осылайша, "Северсталь" 2012-жылдан бері, 8 жылдан кейін "Барыспен" өткен кездесуде алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Келесі матчты "Барыс" 12-қазанда "Салават Юлаевқа" қарсы өткізеді. Бүгін елордалық хоккей клубының бапкерлер штабы мен ойыншылары Уфаға аттанды. Команда сырт алаңда 5 күнде барлығы 3 кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу