"Барыс" Владивостокта сенімді жеңіске жетті

470

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы сырт алаңдағы сериясын Владивостоктағы матчпен аяқтады.

"Барыс" Владивостокта сенімді жеңіске жетті Фото: sports.kz

Бұл кездесуде қазақстандық команда толық басымдық танытты.

Ойынға "Барыс" жаңартылған құраммен шықты. Майкл Веккьоне команда сапына қайта қосылса, Бейбарыс Оразов 7 желтоқсаннан бері алғаш рет КХЛ матчында мұзға шықты.

Кездесудің алғашқы кезеңінде елордалықтар ойын тізгінін өз қолында ұстап, қауіпті сәттерді жиі ұйымдастырды. Майкл Веккьоненің бір соққысы қақпа бағанасына тиді. Ал екінші кезеңде "Барыс" басымдығын голға айналдырды. Алдымен Кирилл Савицкий шабуылды сәтті аяқтаса, араға аз уақыт салып Дінмұхамед Қайыржан жойқын соққымен есепті еселеді.

Үшінші кезеңнің басында Эмиль Галимов нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Көп ұзамай Майкл Веккьоне тағы бір шайба соғып, есепті ірі етті. Қақпашы Адам Шил 28 сейв жасап, матчты сәтті өткізді. Қарсылас тарап Либор Шулактың соққысы арқылы бір шайбамен жауап қатқанымен, бұл ойын тағдырына әсер еткен жоқ.

Қорытынды есеп – 4:1. Осылайша, "Барыс" жеңілістер сериясын тоқтатып, сырт алаңдағы сапарын жеңіспен аяқтады.

Енді 12 ақпанда Михаил Кравец шәкірттері өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА командасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу