"Барыс" жаңа қақпашымен толықты

2007

"Барыс" хоккей клубы ресми түрде қақпашы Никита Бояркинмен келісім-шарт жасағаны туралы хабарлады. Екі жақты келісім екі жылға, 2023-жылдың 30-сәуіріне дейін жасалды.

"Барыс" жаңа қақпашымен толықты

Никита Бояркин Қарағанды ​​хоккей мектебінің түлегі. Ол спорттық мансабын "Сарыарқа" клубында өткізді. Өткен маусымда Бояркин командасына Қазақстан чемпионатында алтын медаль алуға көмектесті. Никита Pro Ligasy-да 45 кездесу өткізіп, оның 33-ін жеңіспен аяқтады, 14 матчта қақпашы бір де бір шайба жіберген жоқ. Жалпы алғанда, ол қақпаға бағытталған соққылардың 93,66% қайтарған және орташа есеппен 1,53 гол жіберген.

Кейінірек Бояркин элиталық дивизионда әлем чемпионатындағы жаңа есімдердің бірі болды. Никита Қазақстан ұлттық құрамасының сапында дебют жасады. Латвиядағы турнирде алты кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Ол қақпаға бағытталған соққылардың 92,9% -ын қайтарған.

Сонымен қатар "Барыс" хоккей клубы кейбір ойыншылардың команда сапынан кететінін мәлімдеді. Никита Бояркинмен елордалық команда құрамы толыққанымен, қақпашы Денис Каратаевпен және тағы үш ойыншымен қош айтысты.

"Барыс" жүйесінің төрт ойыншысы мансабын басқа клубтарда жалғастырады. Тараптардың өзара келісімі бойынша қақпашы Денис Каратаевпен келісім-шарт бұзылды. Сонымен қатар қорғаушы Никита Клещенко, шабуылшылар Саян Данияр және Андрей Яковлев келісім-шартқа отырудан бас тартты. Үшеуі де бұрынғы ұсыныстарды қабылдамады. "Барыс" спортшыларға біздің клубта өткізген жылдар үшін алғысын білдіреді және жаңа клубтағы жұмыстарына сәттілік тілейді!", - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта аталған төрт ойыншы да мансабын Қарағандының ​​"Сарыарқасында" жалғастыратын болды.    

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу