"Барыс" жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін талап етуде

124

Қазақстандық "Барыс" клубының жанкүйерлері басшылыққа ресми үндеу жасап, түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. 

"Барыс" жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін талап етуде Фото: hcbarys.kz

"Жанкүйер" қоғамдық бірлестігі "Барыс" клубының бас директоры Сәкен Мұсайбековтың атына ашық хат жолдап, бас бапкер Михаил Кравец пен оның жаттықтырушылар штабының отставкаға кетуін сұрады.

Жанкүйерлердің айтуынша, команда өткен маусымда сәтсіз өнер көрсеткен. 68 матчта небәрі 21 жеңіске жеткен. Оған қоса "Барыс" лигадағы ең әлсіз ұжымдардың біріне айналған. Әсіресе, көпшілік жағдайда гол соғу көрсеткіші төмен болғаны сынға алынды.

Сондай-ақ, үндеуде легионерлер саясатына да наразылық білдіріліп, клубтың жергілікті ойыншыларға көбірек мүмкіндік беруі қажеттігі атап өтілді. Жанкүйерлер "Барыс" Қазақстан хоккейінің базалық клубы екенін еске салып, отандық ойыншыларды дамытуға басымдық беруді талап етіп отыр. 

Құжатта тек "Барыс" емес, "Снежные Барсы" командасының бапкерлер штабына да сын айтылып, оларды толық құрамда қызметтен босату ұсынылды.

Жанкүйерлер егер талаптар орындалмаса, жоғары мемлекеттік органдарға жүгінетінін және клуб қызметіне қатысты тексеріс жүргізуді сұрайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу