"Барыс" жанкүйерлермен кездесті

926

Хоккей маусымы "Барыс" клубының серіктесі Туризм және спорт саласын қолдау қорының ұйымдастыруымен бірден екі ірі іс-шарамен аяқталды.

"Барыс" жанкүйерлермен кездесті

"Барыс-Аренада" негізгі құрамның барлық дерлік ойыншылары, "Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка және жаттықтырушылар штабының басқа да өкілдерінің қатысуымен ауқымды автограф сессиясы өтті. Мыңға жуық жанкүйерлер клуб өкілдерімен бейресми жағдайда сөйлесуге, сонымен қатар қолтаңба алып, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды

Бұл күн "Барыс" пен "Барыс жанкүйерлері" арасындағы хоккей ойынымен жалғасты. Кездесудің басталар алдында жанкүйерлер арасынан үйлену туралы ұсыныс та болды. Олжас пен Әйгерімнің жанкүйерлері үшін күн есте қалатыны сөзсіз. Өйткені дәл бүгін олар "Барыс Аренада" жаңа отбасын құруды ұйғарды!

"Барыстың" құрамында ерекше өзгерістер болды. Қақпадағы орынды Әділ Бекетаев, ал сырт алаңда Никита Бояркин мен Юлиус Гудачек алды. Кездесудің басты кейіпкерлерінің бірі Алекс Грант Купердің ұлы болды. Ол тіпті голдардың бірін соқты. Кездесудің бас төрешісі болып Андрей Скабелка жұмыс істесе, оған Федор Полищук пен Александр Шимин көмектесті.

Нәтижесінде негізгі уақыт 8:8 есебімен тартысты тең аяқталды. Барыс жанкүйерлерінің өкілдері мықты болып шықты! Іс-шара естелік үшін дәстүрлі топтық суретке түсумен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу