Мәмбетәлиев шәкірттері соңғы ойындарда сылбыр ойнап жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елордалық хоккей клубы 4 желтоқсанда тағы бір мәскеулік команда "Спартакқа" қарсылас атанады. Ойын қазақстандық команданың айдынында өтеді.
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті кездесуін түзде өткізген "Барыс" ЦСКА-дан 3:1 есебімен жеңіліп отыр. Спорт мамандары айдын иелерін фаворит санаған болатын.
Бас бапкер Ғалым Мәмбеталиев мына құрамды айдынға шығарған еді.
Бояркин (Шутов) – Бекетаев-Камалов, Бочаров-Николишин-Панюков; Хохлов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Бурдасов; Королев-Оразов, Савицкий-Мухаметов-Муратов; Гайтамиров-Бутенко, Рахманов-Шайхмедденов-Оспанов.
"Барыстың" өз айдынындағы кезекті қарсыласы – "Спартак". Ойын 4 желтоқсанда өтеді. Егер бұл ойында елордалық ұжым жеңсе, жеңілістер сериясын тоқтатады. Еске салайық, "Барыс" осымен бесінші мәрте жеңіліп отыр.
ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – "Барыс" (Астана, Қазақстан) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
Шайбалар:
1:0 – 10:47 Мамин (Афанасьев, Исхаков);
2:0 – 40:21 Фатеев (Мамин, Охотюк);
2:1 – 55:39 Бурдасов (Әсетов, Өмірбеков);
3:1 – 57:47 Окулов (Каменев);
Қақпашылар: Просветов – Бояркин.