"Барыстың" бас бапкері тағайындалды

1624

Юрий Михайлис ресми түрде "Барыстың" бас бапкері болып тағайындалды. Клуб пен жаттықтырушы арасындағы келісім-шарт бір жылға жасалды.

"Барыстың" бас бапкері тағайындалды

Юрий Владимирұлы Михайлис 1969 жылы 23 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Спорттағы мансабын қорғаушы ретінде өткізген. Ал бапкерлік жұмысын 2007 жылы бастаған. "Барыс" ХК жүйесінде 13 жыл жұмыс істеп келеді. "Барыс-2", "Снежные Барсы", "Номад" командаларын жаттықтырған.
2017 жылы Юрий Владимирұлының басшылығымен "Номад" клубы Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ 2017/18 жылғы маусымда Құрлықтық кубоктің күміс жүлдесін жеңіп алды. Өткен маусымда Юрий Михайлис "Номадпен" Жоғары хоккей лигасының чемпионатындағы алғашқы маусымын өткізді.Сонымен қатар, Юрий Владимирұлы Қазақстан құрама командаларымен жұмыс атқаруда да тәжірибесі бар. Ассистент ретінде Михайлис еліміздің жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамаларына Әлем чемпионаттарында, сондай-ақ Универсиадада (2017, 2019 жылдары) және Азия ойындарында жүлделі орындарды иеленуге көмектесті.

"Барыс" жаңа маусымда команданы басқаруды Михайлиске ұсынуды жөн санады. Юрий Владимирұлы "Барыс" құрылымында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ұйымдастыру жұмыстарын, ойыншыларды және жалпы клубты басқару сатыларын жақсы біледі. Енді Юрий Михайлистің бапкерлер штабы жасақталып, кейінірек жария етілетін болады. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу