"Барыстың" басынан бақ тайғандай...

Хоккей клубын қолдайтындар қатары күрт азайған. 

"Барыстың" басынан бақ тайғандай... Фото: hcbarys.kz

Тіпті, қазақстандық команданың өз алаңындағы соңғы ойыны антирекорд тіркеп отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Барыс" хоккей клубы бұған дейін "Металлург" командасына 1:3 есебімен есе жіберген еді.

Ғалым Мәмбетәлиев баптайтын астаналық команданың ойыны сүреңсіз болып тұрғанын спортсүйер қауым жақсы біледі. Бір ғана мысал, команда биылғы маусымдағы 56 кездесуден 29 ұпай ғана жинаған. Шығыс конференциясында "Барыс" көш соңында келеді. 

Айталық, Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын "Барыс" хоккей клубы өз дивизионында алғашқы сегіздікке ілініп жүрген уақытта трибунадағы жанкүйерлер саны аз болмайтын. Осы күні тек жеңілістен көз ашпайтын клубқа жанкүйерлік ететіндердің қатары азайғанын байқауға болады. 

Shaiba.kz сайтының жазуынша, Магниторсктің "Металлург" клубын қабылдаған ойынды "Барыс-Аренадан" 2 760 ғана жанкүйер тамашалаған. Бұл – 12 мың адамға арналған аренаның 23 пайызын-ақ толтыратын көрсеткіш. Әрі бұл статистика 2021-2022 жылдан бергі тіркелген антирекорд саналуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу