Барыстың тынысы ашылды

2308

Соңғы рет 25 қазанда Қазан қаласында жергілікті Ақ Барстан 2:1 есебімен ұтылғаннан кейін астаналық Барыс, осымен қатарынан бес ойын жеңілістің ащы дәмін татқан емес. 

Барыстың тынысы ашылды

Алдымен сырт алаңда Нефтехимикті 3:0 ғып тас-талқан етсе, бұдан кейін Тольяттиде жергілікті Лададан овертаймда 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша жақсы көңіл күймен еліне оралған астаналық клуб өз алаңында хорватиялық Медвешчакпен күш сынасып, бұл жолы да тартысты өткен бәсеке Барыстың пайдасына шешілді. Есеп 2:0. Көп кешікпей Астанаға сонау Чехиядан мықтыларының бірі Слован клубы жеңіс үшін келген болатын. Алайда, Барыстың алдында олар да тізе бүгуге мәжбүр болды. 5:1 есебімен чехтарды ұтқан соң, азулы Барыс үшін Екатеринбургтың Автомобилисі сөз болып па, нәтижесінде 4:0! Автомобильшілер екінші рет рульге отырмайтындай боп жер қарап кетті.

Нефтехимик – Барыс = 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

Лада – Барыс = 2:3 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 0:1)

Барыс – Медвешчак = 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

Барыс – Слован = 5:1 (2:0, 1:1, 2:0)

Барыс – Автомобилист = 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

Осылайша астаналық Барыс 27 ойыннан кейін 40 ұпай жинап, шығыс конференциясында 8-ші орынға жайғасты. Ендігі қарсыласымыз осы құрлықаралық лиганың ең үздіктерінің бірі санктпетерборлық СКА клубы. Бұл армия командасы әзірге алдыңғы орынды ешкімге берер емес. 30 турда қарсыластарына 5-ақ рет есе жіберген, оның өзінде таза жеңілгені біреу ғана. Ал қалған төрт ойынның екеуі буллиттен және овертаймда екі рет жеңілген. Дегенмен де Барыстың тынысы енді ашылғандай, алған қарқынын жоғалтпайды деп сенеміз.

Енді 15-ші қарашада өтетін келесі турдың ойындарына назар аударыңыздар:

Амур – Сибирь

Адмирал – Металлург Нк

Куньлунь Ред Стар – Авангард

Северсталь – Югра

ЦСКА – Автомобилист

Спартак – Трактор

СКА – Барыс           

Витязь – Динамо М

ХК Сочи – Металлург Мг

ВХЛ  Жоғарғы хоккей лигасы

Қазақстанның екі командасына ресейлік клубтардың шамасы жетпей жатыр

Жыл сайын Братина кубогы үшін таласып жүрген қазақстандық екі клуб қарағандының Сарыарқасы мен өскеменнің Торпедосы биыл да мықты ойын өрнегін көрсетуде. Екеуі ресейдің жоғарғы лигасында бәрін әбден әуреге салып келеді. Ресейлік клубтардың ойыншылары да, жаттықтырушы-мамандары да мұны мойындап отыр. Кез келген ойын алдындағы баспасөз отырыстарының басым бөлігінде жаттықтырушылардың айтатындары; бүгін қазақстандық клубты жеңеміз деп, соңында "Ай что-то не получилось сегодня" – деп өкініп, тіс қайрап жүргенін көріп-ақ жүрміз, тіпті жөнсіз біздің хоккейшілерді алаңнан қуып жатқандары қаншама, алайда бұл спорт, жеңімпазды мойындау керек. Әсіресе Қарағандының Сарыарқасы жыл сайын Братина кубогының ақтық сындарында жан алысып, жан берісіп келеді. Төрешілердің өздері қаншама рет әділетсіздік танытқанымен Сарыарқаның 2013-2014 жылдары Братина кубогын жеңіп алғаны көпшіліктің есінде болар. Биыл да көшбасшылар арасында келе жатыр, алайда соңғы үш турда тым даңдайсып кетті ме, жеңілістен көз ашпай келеді. Соңғы рет сырт алаңда Саратов қаласының Кристалл клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтқан Сарыарқамыз алдымен өз алаңында Альметевскінің Нефтяник командасына есе жіберді 0:1, бұдан кейін Қарағандыға қонаққа келген Қазан қаласының Барс командасы да тура осындай есеппен Сарыарқадан айласын асырып кетті, ал соңғы ойынын да өз алаңында өткізген қарағандылық клуб, бұл жолы Нижегород облысындағы Саров қаласының хоккейшілерінен де тізе бүгуге мәжбүр болды – 1:2

14 қараша

Сарыарқа – Саров = 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

12 қараша  

Сарыарқа – Барс = 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

10 қараша 

Сарыарқа – Нефтяник = 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

5 қараша

Кристалл – Сарыарқа = 0:5 (0:1, 0:3, 0:1)

Өскемендіктер де бұл лигада талай жылдардан бері ойнап келеді, әзірге ұятқа қалдырған емес. Биыл Торпедо ерекше керемет ойын көрсетіп жүр. Қараша айының 3-інен бастап бес ойын қатарынан жеңімпаз атанып келеді, сол күні Саратовта Кристаллды тас-талқан етті – 1:8. Пенза қаласында жергілікті Дизель командасымен бәсекеге түсіп 3:1 есебімен ұтып, Өскеменге жеңіспен оралды. Сөйтіп қарашаның 10-ы күні Татарстаннан келген Барсты қабылдап, 3:0 есебімен тізе бүктіріп үйіне қайтарды, артынша Нефтяникті де 2:1 ғып өкпелетіп жіберді. Ал осы айдың 14-де Мари Эл Республикасынан келген Волжскінің Ариадасын да тура осындай келеңсіз жайт күтіп тұрды, бұл ойында Торпедо бар оқтарын жаудырып 6:1 есебімен Ариаданың күлін көкке ұшырды.

14 қараша

Торпедо ӨК – Ариада = 6:1 (1:1, 4:0, 1:0)

12 қараша 

Торпедо ӨК – Нефтяник = 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

10 қараша

Торпедо ӨК – Барс = 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

5 қараша 

Дизель – Торпедо ӨК = 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)

3 қараша

Кристалл – Торпедо ӨК = 1:8 (0:2, 1:5, 0:1)

Сөйтіп біздің екі команда 26 клубтың ішінде, бірдей 43 ұпаймен 2-3-орындарды бөлісуде. Ал топ басында Рязань қаласының ТХК командасы тұр.

Сарыарқа мен Торпедоның алдағы болатын ойындарының кестесі:

16 қараша Сарыарқа —Ариада

20 қарашаТорпедо ӨК —Сарыарка

24 қараша Сарыарқа —Торпедо ӨК

28 қараша Саров —Сарыарқа

30 қараша Ариада —Сарыарқа

2 желтоқсан Нефтяник —Сарыарқа

4 желтоқсан Барс —Сарыарқа

16 қараша Торпедо ӨК — Саров

20 қараша Торпедо ӨК — Сарыарқа

24 қараша Сарыарқа — Торпедо ӨК

28 қараша Ариада — Торпедо ӨК

30 қараша Саров — Торпедо ӨК

2 желтоқсан Барс — Торпедо ӨК

4 желтоқсан Нефтяник — Торпедо ӨК

Жанат Қабылдаұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу