Бас бапкері жоқ "Астана" ұпай жоғалтты

1590

Елордалық клуб бүгінгі кездесуден кейін ҚПЛ-дың турнирлік кестесінің 3-сатысына жайғасты. 

Бас бапкері жоқ "Астана" ұпай жоғалтты

"Астана" футбол клубы Премьер-лиганың 7-турында "Тараз" командасымен тең түсті. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1-1 есебімен аяқталды.

Кездесу бастала салысымен "Астана" жылдам гол соғып кетті. Гол авторы - Тигран Барсегян. Ал 48-минутта Тони Сильва Постниковтың қателігін сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. "Астана" осы ойыннан кейін 11 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Ал маңызды бір ұпайды алған "Тараз" сегізінші орында қала бермек.

"Астана" үшін бүгінгі ойын бас бапкер Михал Билектің отставкасынан кейінгі алғашқы кездесу болды. Естеріңізге сала кетсек, 26-тамызда чехиялық маман қызметінен кеткен болатын. Оның орнына команданы клубтың атқарушы директоры - ағылшын Пол Ашворт жаттықтыруда.

Сонымен қатар Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турының ақтық кездесуінде петропавлдық "Қызыл-Жар СК" Ақтаудың "Каспийін" жеңді. Кездесу Алматыдағы "Жас-Қыран" стадионында өтті. Матч 1:0 есебімен аяқталып, алтыншы минуттағы жалғыз голды украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко соқты.

"Қызыл-Жар СК" үшін бұл нәтиже маусымдағы екінші жеңіс болды. Ал "Каспий" алтыншы жеңіліске ұшырады. Алты матчтан кейін жеті ұпаймен петропавлдықтар сегізінші орында, голдар айырмашылығына байланысты "Жетісу" командасына жол берді. Ал жеті ойында үш ұпай жинаған "Каспий" соңғы, 11-орында тұр.

Енді Ұлттар лигасының басталуына байланысты Қазақстан Премьер лигасында үзіліс. 3-қыркүйектен 4-не қараған түні  Қазақстан құрамасы Литвамен кездессе, ал 7-қыркүйек Алматыда Беларуссияға қарсы ойын өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу