Биылғы қыста Қазақстандағы Яндекс.Такси пайдаланушылары көп жағдайда телефондарын, әмияндарын, тақиялары мен қолғаптарын ұмытып кеткен еді. Бұған қолдау көрсету қызметінің деректері дәлел бола алады – онда жоғалған затын сервис арқылы тапсырыс берген сапарда ұмытып кеттім деп болжаған адамдар хабарласқан.
Қазақстан тұрғындары Яндекс.Таксидің қолдау көрсету қызметіне көбіне сенбі күнгі таңғы уақытта хабарласады екен – бұл көңілді өткен жұма күнінің нәтижесі болу керек. Іздестірілген заттардың ішіндегі ең таңқаларлықтары – шелек, қаз (қай түрінде екені көрсетілмеген), тәтті нан салынған астау, бұрғылау құралдары, бұрмашегені бұрағыш, алқа және тауық салынған табақ. Жаңа жылдық түнде бұл тізімге музыкалық колонкалар, "Наполеон" торты және қапталған сыйлықтар қосылды.
Қазақстандағы такси жүргізушілері басқаларына қарағанда машиналарында ұмытылған әмияндарды, ноутбуктарды, кілттерді және құжаттарды жиірек табады. Бірде жүргізушіге өзінің сүйген қызына ұсыныс жасамақшы болып, жол-жөнекей үлкен гүл шоғын сатып алып, есесіне сақинаны машинада ұмытып кеткен алматылық жас жігітті құтқаруға тура келген. Бірақ өзге елдердің тұрғындарына қарағанда қазақстандықтар машинада шөлмектерін, көзілдіріктерін, суреттерін және студенттік билеттерін ешқашан ұмытпаған.
Деректерге сүйенетін болсақ, көбіне заттарын жоғалтып алғаны үшін балалар қам жейтін көрінеді. Тек соңғы айдың ішінде адамдар Яндекс.Таксидің қолдау көрсету қызметінен 12 ойыншықты, чупа-чупс пен шоколад жұмыртқаны тауып беруді өтінген.
Әдетте, машинада қалып қойған затты қайтарып алу қиын емес: сервистің ережелері бойынша жүргізуші табылған затты өзі жұмыс істейтін таксопаркке апарып тапсыруға тиіс. Оған қоса, заттың жоғалғаны бірден аңғарылатын болса, пайдаланушы "Сапарлар тарихы" арқылы немесе сапар аяқтала салысымен келген сапар туралы есепте (бұл үшін қосымшада электронды пошта мекенжайын тіркеу қажет) көрсетілген телефон арқылы жүргізушінің өзімен байланысқа шыға алады. Егер жүргізуші алыстап кетпеген болса, ол жолаушымен келісіп, жоғалған затты қайта әкеліп беруі мүмкін. Тапсырысты орындаған жүргізушінің телефон нөмірі тарихта бір тәулік бойы сақталады.
Айта кетейік, Яндекс.Такси — таксиді онлайн тәртібінде шақыруға арналған сервис. Ол пайдаланушының орналасқан жерін анықтайды да, тапсырысты тезірек келе алатын жүргізушіге жібереді. Яндекс технологиялары – сұраныс пен кептелістерді болжау, картада бағдарлау және тапсырыстарды алгоритмдердің көмегімен тарату – таксидің бос тұру және бос жүру уақытын азайтуға көмектеседі. Соның арқасында жол ақысы арзандап, жүргізушілердің еңбекақысы өседі. Сервис қазірдің өзінде Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды қалаларында және тағы да он қалада жұмыс істеуде. Яндекс.Такси тегін қолданбасы iOS және Android операциялық жүйелерінде қазақ, орыс тілдері мен басқа тілдерде қолжетімді.
Фархат Әміренов