Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу ісін бастады

4188

Оған лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. 

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу ісін бастады Фото: ҚР ҰҚК

Самат Әбішке қатысты тергеу ісі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Самат Әбіш - Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін 2015 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтар айының ортасына дейін атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін ол бұл қызметтен босатылды.

Сол кезде ҰҚК басшысы болған Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин те қызметінен босатылып, қылмыстық іс қозғалды. Биыл сәуір айында олардың әрқайсысы "мемлекетке опасыздық жасау және билікті күштеп басып алу әрекеті" бойынша ұзақ мерзімге сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу