Бас прокуратура жаңа сервиске көшті

2570

Қадағалау мекемесінде азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Бас прокуратура жаңа сервиске көшті

Дәліздердегі бітпейтін ұзын-сонар кезек енді болмайды деп отыр бас прокуратура. Құқық қорғау органдарындағы рұқсат беру жүйесіндегі қағазбастылықты азаматтарды қабылдау орталығымен (АҚО) алмастырмақ. Орталыққа келгендер электронды кезекке тұрады, ал оларға арнайы бөлінген қызметкерлер қызмет көрсетеді. Мұндай бөлімшелер еліміздің барлық жерінде ашылады деп жоспарланып отыр.

"Бұл ұсақ-түйек шаруа сияқты көрінуі мүмкін, алайда электронды кезек, лайықты күту залы ол сервистік мемлекеттің нышаны. Яғни адамдардың тұмсығының алдынан есікті жаба салмай, кедергісіз қызмет көрсету бар екенін білдіреді", – деді  ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасы Бағдат Мусин АҚО-ны таныстыру кезінде.
АҚО-да қазақстандықтарға кезекші прокурорлар, кеңесшілер қызмет көрсетіп, өтініш жасау, сондай-ақ барлық деңгейдегі прокуратура басшыларының қабылдауына жазылуға көмектеседі. Орталыққа келушілер өздерінің өтініштерінің қаралу барысы туралы ақпарат және олардың жауабының көшірмесін ала алады.

"Осы жағдайды біздің қызметкерлердің өздері сезіну керек. Біз қызмет көрсетуге жағдай жасауымыз керек. Бұл үлкен істің әлі басы ғана екені түсінікті. Сервистің одан да жақсарған түрін таяу арада ашылады деп жоспарланып отырған Құқық қорғау қызметтері орталығында көрсетеміз", – деді Бағдат Мусин. Азаматтарды қабылдаудың алғашқы орталығы бас прокуратураның бақылау-өткізу пункті базасында ашылды.

АҚО қауырт күндері жұмыс істейтін болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Куатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу