Бәсекелестік ережесін бұзған микроқаржы ұйымына шара қолданылды

196

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бәсекелестік ережесін бұзған микроқаржы ұйымына шара қолданылды Фото: canva

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өтініштер негізінде жүргізілген тексеру барысында компания "Біз бәсекелестерге қарағанда 15%-ға көп мақұлдаймыз" деген мазмұнда жарнамалық SMS-хабарламалар таратқаны, алайда бұл ақпараттың шынайылығын растамағаны белгілі болды. Аталған жарнама ұялы байланыс абоненттерінің 24 мыңнан астамына жолданған, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексеру барысында бәсекелес ұйым қызметкерлеріне клиенттерді "R-Finance" МҚҰ" ЖШС-на тартқаны үшін ақшалай сыйақы ұсыну фактілері анықталды, бұл бәсекелеске залал келтіруі мүмкін.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент компанияға жосықсыз бәсекелестік белгілері бар әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Қазіргі уақытта "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС хабарламаны орындады. Компания маркетингтік материалдарға ішкі аудит жүргізіп, жарнамалық қызметке қосымша бақылау тетігін енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу