"Астана" ешқашан ЦСКА-ны жеңген емес. Бұл екі клуб алғаш рет 2014 жылдың қаңтарында Қазақстан астанасында кездескен еді. Ол кезде мәскеуліктер 88:69 есебімен жеңіске қол жеткізген болатын. Одан кейін бұл екі команда бір жылдан соң тағы да "Астана" алаңында жолыққан. Және ол кезде де есеп айырмасы бұрынғыға қарағанда аздау болғанымен, тағы да 78:60 есебімен мәскеуліктер басым түсті. Ал бірнеше айдан кейін Мәскеуде ЦСКА қазақстандық клубты қабылдап, 110:60 ұпай есебімен ойсырата ұтты.
Бұл жолғы матчта елордалықтар бар күш жігерін салып ойнады. Жерлестеріміз алғашқы кезеңнің ортасында қонақтардан үш ұпай алда келе жатты. Ал жетінші минут аяқталар тұста тағы 5 ұпай иеленіп, есеп 18:13 болды. Мәскеуліктер алғашқы үзіліске дейін ұпай айырмашылығын -3ке дейін қысқартып үлгерді. Алайда алғашқы кезең нәтижесі бойынша 22:19 есебімен қазақстандық клуб басым түсті.
2-кезеңде қонақтар басымдылықты өз қолдарына алды. "Астана" екінші кезеңнің алғашқы жеті минутынан кейін небәрі 6 ұпай иеленсе, қарсыластары 16 ұпай жинап үлгерді. 28:38 есебі, яғни 10 ұпай айырмашылығы мәскеулік спортшыларды қанағаттандыра қоймады. Сол себепті олар ойынды сол ырғақпен жалғастырып, өз басымдылықтарын +13 ұпайға дейін жеткізіп, 30:43 есебімен алға шықты.
Дәл осы жағдай 3-кезеңде де қайталанды. Қонақтар басымдылықтарын бірқалыпты ұлғайта отырып, ұпай айымашылығын одан әрі көбейтуге тырысты. +19, 53:72. Соңғы 4-кезеңде де жағдай өзгере қойған жоқ. Басымдылықтарын бірқалыпты ұлғайта отырып, оны +23-ке жеткізді.
Осылайша төртінші кезеңде "Астана" 95:72 есебімен 17 ұпай айрырмашылығымен жеңілді. Осы ойыннан кейін мәскеуліктер Бірыңғай Лиганың кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал "Астана" плей-оффтан шығып қалып, 6-орыннан 10-орынға дейін түсті. 15 матчтың қорытындысы бойынша 21 ұпай жинаған "Астана" 40 пайыздық нәтижемен келеді.
Енді "Астана" 14-ақпан күні "Химкиге" қарсы шығады.
Ермұхамед Мәулен