Баскетболдан Қазақстан құрамасы қарымта кездесуде де Сирияны жеңді

1273

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өткізген Сирияға қарсы қарымта ойыны өз алаңындағы ойыннан кем болмады. Тартысты матча біздің жігіттер сириялықтарды тізе бүктіріп, мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы қарымта кездесуде де Сирияны жеңді

Сирия құрамасымен алғашқы кездесу осыдан үш күн бұрын Нұр-Сұлтанда өтті. Бұл жолы біздің команда қарсыластарының құрамын жақсы білді. Әрине, біздің командаға басты қауіп алғашқы ойында 33 ұпай жинаған америкалық Амир Джаббар Хинтон болды. Сонымен қатар қарсыластың тағы бір көшбасшы ойыншысы Этуни Бакар да құрамамызға айтарлықтай кедергі келтерді. Бұдан бөлек Анас Шабан, Джамал Саддир, Кемаль Канболат және Хани Адрибелер де Қазақстанда жақсы ойын көрсетті. Аталған ойыншылардың барлығы қарымта матчта алаңға шықты. Біздің құрамаға келер болсақ, соңғы кездесуден кейін мүлде өзгерістер болған жоқ. Дарко Руссо бұл кездесуде алғашқы бестікті өзгертпеді. Нәтижесінде негізгі құрамда –Шайым Қуанов, Александр Жигулин, Дмитрий Гаврилов, Максим Марчук және Рустам Мырзағалиевтер ел намысын қорғады.

Алғашқы шабуылда Дмитрий Гаврилов көзге түсті. Бірақ ұпай ала алмады. Дегенмен алаң иелері алғашқы шабуылында-ақ 3 ұпай жинады. Біздің жігіттерге есеп ашу үшін қарсыластар аймағын бұзып өтіп, тағы бірнеше шабуыл жасау қажет болды. Капитан Рустам Мырзағалиев үш ұпайлық дәл соққыны жүзеге асырып, "дала арландарын" алға шығарды. Алайда алғашқы кезеңде сириялықтар басымдықты қолға алып, бірінші кезеңнің ортасына қарай біздің командадан 8 ұпайға алға шықты. Ойынның сегізінші минутында Руслан Айтқали, содан кейін Дмитрий Гаврилов пен Антон Быков ұпай еншіледі. Нәтижесінде қазақстандық команда ұпай айырмашылығын қысқартып, бірінші үзіліске сириялықтардың пайдасына 20:18 есебімен кетті.

Екінші кезеңде алғашқы болып Антон Быков ұпай еншілеп, есепті теңестірді. Содан кейін сириялықтар қарап қалмай, алға шықты. Екінші кезең 37:9 есебімен қазақстандық команданың пайдасына ақталды. Үшінші кезең Дарко Руссо шәкірттері үшін сәтсіз басталды. Қарсыластар 7 ұпаймен кқш бастады. Жерлестерімізге есепті өзгерту үшін 3 минуттай қажет болды. Командалар соңғы кезең алдындағы үзіліске 55:60 есебімен кетті. Бұл жолы Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен алға шықты.

Бес ұпай айырмашылығы болғанымен жеңіс туралы ойлау әлі ертерек еді. Тіпті ойынның бірінші минутынан кейін айырмашылық бір ұпай ғана болды. Бірақ біздің ойыншылар қайтадан басымдықты қолға алып, ұпай айырмашылығын біртіндеп көбейте бастады. Осылайша Қазақстан құрамасы 71:81 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар Бахрейн мен Иран құрамалары екінші кездесулерін Манамада өткізді. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойында Иран құрамасы өз алаңында 16 ұпай басымдығымен кездесуде 64:100 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Иран да екі жеңісімен, бірақ гол айырмашылығы бойынша Қазақстаннан алға озып, топта бірінші орынға жайғасты. Ал қазақстандықтар екінші орында тұр.

Екінші іріктеу кезеңі 2022 жылдың ақпан айының соңына жоспарланған. Біздің команда 24 ақпанда Иранға қарсы және 27 ақпанда Бахрейнге қарсы екі кездесуді де сырт алаңда өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу