"Басты себебі – соғыс!": АҚШ вице-президенті республикашылдардың сайлауда неге жеңілгенін айтты

Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Басты себебі – соғыс!": АҚШ вице-президенті республикашылдардың сайлауда неге жеңілгенін айтты Фото: AP Photo / Angelina Katsanis

Оның сөзінше, Республикалық партияның Конгреске өткен аралық сайлауда жеңілуі Иранмен соғысқа және Израильмен қарым-қатынасқа байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-президент бұған дейін Дональд Трамптың да дәл осындай пікір білдіргенін еске салады.

– Біздің жеңілуіміздің себебі – соғыс. Бұл жағдай барлығына дерлік түсінікті. Бізден теріс айналған сайлаушыларды қалай қайтаруға болатынын анықтау үшін қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі маманмен кеңестім, – деді Джей Ди Вэнс.

Пртияның саяси ұстанымын қайта қарау үшін 4 бағытқа назар аудару қажет екенін де айтып отыр. Олар – Иранмен соғысты тоқтату, халықтың күнкөріс шығындары мен инфляция мәселесіне басымдық беру, "Америка бірінші орында" қағидатын жүзеге асыру және Израильмен қарым-қатынасты қайта қарау. 

Вэнс Республикалық партияның сайлауалды жағдайын бағалаған сарапшыларды сынға алған.

– Біздің тараптағы деректерді талдаушылар назар аударған мәселелердің бірі сайлаушылардың құрамы болды. Яғни, олардың құрылымы республикашылдардың жеңісі үшін қажет 2024 жылғы көрсеткіштерге қаншалықты сәйкес келетіні зерттелді. Сауалнамалар демократтардың айқын жеңісін болжағанына қарамастан, бізге ұсынылған деректер үнемі бір көріністі көрсетті. Кейбір штаттарда сайлаушылардың белсенділігі жеткілікті жоғары, ал басқаларында өте жақсы болды. Бірде-бір штатта қатысу деңгейі тым төмен болған жоқ, – деп жазды Вэнс.

Оның сөзінше, осы мәліметтер партия командасының сайлау нәтижесіне қатысты оптимистік көзқарасын қалыптастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу