Басы даудан арылмаған Жанқош Тұрар шаршы алаңға қайта оралды

Бокс кеші 5 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылады.  

Басы даудан арылмаған Жанқош Тұрар шаршы алаңға қайта оралды Фото: zhankoshturarov

IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың қарсыласы да белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы ұзақ уақыт үзілістен соң ғана жұдырықтасуға шықпақшы.

Осыған дейін отандық спорт сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшалар Тұраровтың шаршы алаңға қайта оралатынын жарыса жазған еді. 

Боксшының қарсыласы – филиппиндік Али Канега. Ол мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізген, оның 12-сінде жеңіске жетсе, екеуінде ғана жеңілістің кермек дәмін татыпты. Ал бір қарсыласымен тең нәтижені тіркеген.

Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың қараша айында, яғни 2 жылдай уақыт бұрын жапониялық боксшымен күш сынасқан еді. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сақтап қала алды. 

Айта кетейік, Тұраров кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, барлығын да айқын басымдықпен жеңген. Десе де, оны "көбіне осал қарсыластармен жұдырықтасады" деп сынайтындар бар. 

Былтыр "қыз зорлады" деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу