Жарысқа 15 елден келген спортшылар қатысып, жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында бақ сынады.
Қазақстандық гимнасттар Данил Мусабаев пен Никита Тумаков батуттағы синхронды секіру бойынша күміс медаль жеңіп алды.
Олар тек Жапония құрамасына жол беріп, екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдені Мексика командасы иеленді.
Бұл турнир жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс болды және қазақстандық спортшылардың сәтті өнер көрсетуі олардың жоғары дайындық деңгейі мен әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу