Жамбы ату спортынан жарыстың соңғы күнінде отандасымыз Батыр Бексауыт күміс жүлде алды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Түркістан облысынан келген спортшының айтуынша ол бұл спорт түрімен 2018 жылдан бері айналысып келеді.
"Бұл дүбірлі додадан алтын және күміс бұйырды. Жаман нәтиже емес сияқты. Бағасын халық берер. Бастысы – ұлттық спорттың насихатталуы. Жарысқа жанкүйерлер зор қызығушылық танытқанын аңғардым. Ұлттық спортты қолдау шаралары жалғасын тапса, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұтарымыз мол болмақ", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу