Батыр, слесарь, токарь, комбайыншы: Тоқаев кімдерді марапаттады?

4203

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңдаулыларды марапаттау үшін Ақордаға жинады. 

Батыр, слесарь, токарь, комбайыншы: Тоқаев кімдерді марапаттады? Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының ерекше ілтипатына бөленгендердің қатарында балконнан құлаған бүлдіршінді құтқарған Сәбит, жазушы Тұрысбек Сәукетай және металлургия саласында отбасылық еңбек өтілі 442 жыл болатын әулет бар.

Президенттің қолынан награда алу үшін екінің бірі Ақордаға шақырылмайды. Бұл тек таңдаулыларға бұйыратын қуанышты сәт. Бұл жолы жоғары дәрежедегі ерекше белгісі – Халық қаһарманы атағы ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке бұйырды. Ал Жазушы Дулат Исабеков пен кәсіпкер Владимир Федорович "Қазақстанның еңбек ері" атанды. 

Ту Америкадан хат жазған Мұхтар Мағауинның өтінішін Тоқаев назардан тыс қалдырмапты. Президент жазушы Тұрыспек Сәукетаевты Ақордаға шақырып, "Желқайық" романы үшін "Абай" мемлекеттік сыйлығын табыстады. Дәл туған күнінде депутат Шиповских те құрметке бөленгеніне риза.

Президент балкондағы бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігін де ерекше бағалады. Кеудесіне "Ерлігі үшін" медалін тақты. Комбайыншы, слесарь, механизатор, токарь, тәрбиеші және мұғалім мен дәрігерлердің де еңбегі ескерілді.

"Металлургия саласында отбасылық еңбек өтілі 442 жыл болатын әулеттің үлкені Мұхамбет Әйтеновке екінші дәрежелі еңбек даңқы ордені беріледі. Елімізге күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Әділетті Қазақстанда оларға әрдайым құрмет көрсетіледі", – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы бүгін 60-қа жуық азаматқа атақ берілді. Президент барлығын республика күнімен құттықтап, ел өркениетіне сүбелі үлес қосқандары үшін алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу