Ең жас спортшымыз Олимпиадада екі дүркін әлем чемпионын жеңе алмады

477

Париж Олимпиадасында таеквондадан сынға түскен Батырхан Төлеуғали екінші айналымында есе жіберді. 

Ең жас спортшымыз Олимпиадада екі дүркін әлем чемпионын жеңе алмады Фото: Сали Сабиров

Жас спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасын жүлдесіз аяқтап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ерлер арасындағы 80 келі салмақта жарыс жолына шыққан отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиодан айласын асыра алмады.

Ол алғашқы кезеңде 6:0 есебімен артта қалса, кездесудің екінші бөлігінде 2:0 нәтижесімен мүмкіндігін жіберіп алды.

Батырхан Төлеуғали бұған дейін Мали елінің өкілі Исамаель Кулибалиді үш кезеңнің нәтижесі бойынша 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, жас спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасын жүлдесіз аяқтап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу