Батырлар жұмыссыз қалды, Арал түбіне 5 миллион сексеуіл көшеті отырғызылды және шымкенттік шенеунік жұмыстан кетті

2693

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы. 

Батырлар жұмыссыз қалды, Арал түбіне 5 миллион сексеуіл көшеті отырғызылды және шымкенттік шенеунік жұмыстан кетті

liter.kz: "Қазақстандықтар жануарларды аяусыз қинаушыларды қатаң жазалауды талап етіп отыр", деп хабарлайды басылым. Мұндай талап қоюшылар жанауарларға қатыгездік көрсеткен азаматтарды 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру керектігін айтады. Осындай талаптағы петицияны 70 мыңға жуық адам қолдаған.

Басылымның хабарлауынша, жануарларды азаптау бойынша соңғы күндері тіркелген қылмыс саны қоғам наразылығын тудырып отыр. Осының салдарынан зооқорғаушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және мәжіліс жетекшісі Нұрлан Нығматуллинның атына петиция жолдады. Бұл құжат авторлары жануарларға қатыгездік көрсеткен азаматтарды Қылмыстық кодекстің 316- бабы бойынша қатаң жазалануды талап еткен. Маусымның 10-ы күні бұл петицияға 67,5 мың адам қол қойып үлгерген.

"Заң керек. Бізде заңнан туындаған актілер жетерлік, алайда жануарларды қорламау керек деген талап орындалмай отыр. Ол үшін барлық аймақ, облыстарда осы талаптардың орындалуын талап ететін заң керек. Көңіл көтеретін жерлерде пайдаланатын жануарларды қорғау, үй жануарларына ізгілікпен қарау сияқты талаптар заңда қарастырылуы қажет. Себебі қазіргі кезде мұндай талаптар ешбір заңда жоқ", – дейді nucobo жануарларды құрғау қауымдастығының жетекшісі Лилия Сәрсенова.

Сарапшылар жануарларды азаптаған азаматтарды қатаң жазалап, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек дегенді айтып отыр. Петиция жасап, билік өкілдеріне шағымын айтқан кейбір азаматтар билік олар көтерген мәселеге назар аудара қоятынына күмәнді.

fergana.agency: "Шымкенттік шенеунік қысқа белдемше қиген қыз туралы "өнегелі" видеосы үшін қызметтен кетті", деп хабарлайды басылым. Ресми мәлімет бойынша, Шымкент қалалық "Жастар ресурстық орталағы" басшысының орынбасары Данияр Алан жұмысынан өз еркімен кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Шымкенттегі "Жастар ресурстық орталығының" басқармасы сын астында қалған болатын. Factcheck.kz басылымының хабарлауынша, мемлекеттік мекеме отбасы және жастар тақырыбына арналған бес бейнеролик түсіру байқауын жариялаған. Бұл түсірілімнің бірі әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін, желі пайдаланушылардың наразылығын тудырған.

Сюжетте қысқа қара түсті белдемше киген қыздың такси ұстап тұрғаны түсірілген. Сол сәтте қыздың жанына қара түсті Mercedes келіп тоқтап, жүргізуші қыздың көлікке отыруын сұрайды. Жол-жөнекей ер адамның бойжеткенді үстіндегі киіміне қарап, жезөкше деп ойлап қалғаны көрсетіледі. Жүргізуші көлік есігін құлыптап, қызға ақылын айтады.

express-k.kz: "Батырлар жұмыссыз қалды" деп жазады басылым. "Орда" атты этножоба продюсері Қабжан Сүлейменов бірнеше күн бұрын тойларда айбарлы жауынгерлердің ролін сомдайтын әртістердің үндеуін жариялаған. Продюсердің айтуынша, карантин ережелерінің өзгеруі оларға әсер етпеген. Кез келген тойдың сәніне айналған қазақ батырлары жұмыссыз қалып отыр. Соңғы рет олар наурыздың 14-і күні жұмыс істеген. Сол уақыттан бері олар жұмыссыз. Кезінде бұл батырлар Лондонға дейін шақырылған болатын, сәуір айында олар Стамбулға барамыз деп жоспарлап отырған. Демек қолдары бос болғанда батыр болып ақша тауып жүрген жігіттер табыс көзінен айырлған. Жоба продюсерінің айтуынша, олардың арасында ұстаз, банкир, күзетші, заңгерлер бар.

"Тойға рұқсат бергеннің өзінде қазақстандықтар бұрынғыдай салтанатпен өткізбейтін болады. Себебі халықта ақша жоқ. Негізінен мұндай шараларды event-агенттік тұтынушылары, яғни орта табысы бар азаматтар өткізеді", –деп жазады басылым.

sputniknews.kz: "Суы жоқ Арал түбіне 5 миллион сексеуіл көшеті отырғызылды" деп хабарлайды аталмыш интернет-басылым. Осы арқылы экологтар Арал түбін шөлейттену процесінен аман сақтап қалуды көздеп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған. Басылымның хабарлауынша, Арал теңізі табанынан су кеткелі бері алты миллионнан астам жер бос қалды. Бұл жерде мүлдем өсімдік жоқ. Сол себептен сусыз қалған теңіз түбіндегі 100 миллион тоннадан астам тұз, шаң, құм ауаға көтеріледі. Желмен қоршаған ортаға тарайтын бұл тұз бен шаң табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сол себептен оны тоқтату үшін теңіз түбіне сексеуіл отырғызыла бастаған.

"Сексеуіл – қатал құмды шөлде өніп өсе алатын және тұзды құм дауылды тоқтата алатын өсімдік. Бір түп сексеуіл төрт тонна құмды ұстап тұрады. Өткен ғасырдың 1980 жылдарынан 2020 жылға дейін Арал түбіне 190 мың гектар көлемінде сексеуіл отырғызылған", - деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу