Президент Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.
Ғали Есқалиев 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Әр жылдары Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасары болып қызмет етті. 2009-2011 жылдары Қазақстанның даму банкін басқарды. Мамандығы – экономист.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысын бұған дейін Алтай Көлгінов басқарған болатын. Ол бүгін Президент Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу