Біз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға айрықша мән береміз. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бішкекте "Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі" атты Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы және екі елдің үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы өтті.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық елдермен ашықтыққа және сындарлы әріптестікке негізделген Әділетті әрі Озық Қазақстанды дәйекті түрде құрып жатырмыз. Мұндай ұстаным экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға айрықша мән береміз", – деді Олжас Бектенов.
Іс-шараға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу облыстарының, Алматы және Түркістан қалаларының, сондай-ақ Қырғызстанның Ыстықкөл, Шу, Талас, Ош, Жалал-Абад және Нарын облыстарының басшылары, мемлекеттік органдар мен іскерлік орта өкілдері қатысты.
Форум барысында өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистика және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

"Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз түбегейлі жаңа деңгейге шықты. Біз екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігіне айналатын екінші өңіраралық форумды өткізуге ерекше мән береміз. Қырғызстанның Шу, Талас және Ыстықкөл облыстары Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарымен дәстүрлі тығыз байланыста. Сонымен қатар, біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз шекаралас облыстармен шектелмейді. Қалаларымыз бен облыстарымыздың арасында тікелей байланыстар орнатылған", – деді Адылбек Касымалиев.
Қырғызстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға өсіп, 2,4 млрд долларға жетті.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тағы 20%-ға өсті.