Бауыржан Байбектің әкесі сотталып жатыр

14315

Оған екі іс бойынша айып тағылды. Бірі заңсыз құрылысқа қатысты болса, екінші рұқсатсыз кәсіпкерлік төңірегінде.  

Бауыржан Байбектің әкесі сотталып жатыр Фото: Wikimedia Commons

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі бірдей істі қарастыруда, деп жазады inbusiness.kz.

"Сот кабинетінің" мәліметтері бойынша, сот бірінші істі 26 маусымда өндіріске қабылдады. Ол кеше, 11 шілде күні мобильді бейне конференция арқылы өтті.

Астана қалалық соты inbusiness.kz сұрауына бұл іс бойынша сот материалдары қаралғанын, бірақ ресми ақпарат әлі берілмегенін хабарлады.

Экс-шенеуніктің әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған. Бұл  бап бойынша тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандар жауапқа тартылады.

Осы аптада, бейсенбіде, Қыдырғали Байбек аталмыш сотта тағы бір істің қаралуын күтуде. Ол 29 маусымда өндіріске қабылданды. Біріншісінен айырмашылығы, сот процесі оның жеке қатысуымен өтуі тиіс.

"ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қабылдансын. Істі қарау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің барлық қатысушыларын сотқа шақыру керек", - делінген сот ұйғарымында.

Бұл бап бойынша кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысуға, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермегендер жауапқа тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу