Бауыржан Исламхан 2 жылға шеттетілді

1829

​Қазақстан құрамасының футболшысы 2 жылға футболдан шеттетілді.

Бауыржан Исламхан 2 жылға шеттетілді

Азия чемпиондар лигасының матчынан кейін допинг-тест тапсырған Бауыржан Исламхан нашар нәтижемен ұсталды. 18 қыркүйек күні тапсырылған допинг барысында қазақ футболшысының бойынан метилгексанамин табылды. Бұл рұқсат етілмеген препарат болғандықтан Азия футбол федерациясы Бауыржанды 2 жылға футболдан шеттетті.

"Мен Қатар мемлекетіне барып командамен бірге жаттықтым. Ол мемлекетте қатаң карантин сақталғандықтан біз қонақүйден сыртқа шыға алмадық. Екі апта бойы сырттан су сатып алып, болмаса тамақ алдыртып ішкен емеспіз. Дәрігерлер қандай тамақ береді, соны іштік. Бірақ, небәрі 90 нн/мг метилгексамин табылғанына мені 2 жылға футболдан шеттетпекші. Мен бұл шешімге қарсымын. "әл Айн" клубы бұл мәселені шешуге бар күшін жұмсайды деп ойлаймын" деді Бауыржан Исламхан.

Сонымен қатар, Жамбыл футбол мектебінің түлегінің бұл мәселесін АФҚ 10 сағат бойы талқылаған. Түрлі пікірлер айтылып Бауыржанды 4 жылға футболдан аластату шешімі қарастырылды. Енді 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 жыл бойы Исламхан футбол жарыстарына қатыстырылмайды деген қаулы шықты.

"Лозаннадағы арбитрлер соты менің өтінішімді қарап, тиісті көмегін көрсетеді деген ойдамын. Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы маған дәл қазір қатты қажет. Олар мені қиын сәтте жалғыз қалдырмайды деп ойлаймын" деді Бауыржан Исламхан.

Естеріңізге сала кетейік, Исламхан Азия чемпиондар лигасының аясындағы кездесуде Қатар елінің "әл Саад" командасына қарсы матч өткізді. Бұл команданы атақты ойыншы Хави баптайды. Осы матчтан соң Бауыржанның допинг дауына ілінгені белгілі болды. 

Ермұхамед Мәулен  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу