Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірлігіне кетті. Ол жақын арада "Аль-Айн" клубымен келісімшарт жасауы керек.
Исламхан команда орналасқан Аль-Айн қаласына келген. Қазақстандық футболшының командамен жасайтын жаңа келісімшарты ұзақ мерзімді болады. Жартылай қорғаушыны команда қатарында қалуды ұжым бапкері Педро Эмануэльдің өзі қалаған екен.
"Аль-Айн" командасы шілденің ортасында жаттығу жұмыстарын бастап кеткен. Жазда команда португалиялық жартылай қорғаушы Вилсон Эудардумен келісімшарт жасаған. Сондай-ақ өткен маусымда клубтың үздік бомбардирі атанған Коджо Лаба да қалған. Бірақ танымал жартылай қорғаушы Балаж Джуджак командадан кеткен.
Еске салайық, өткен маусымда Исламхан "Аль-Айн" командасында он кездесуге қатысып, бір гол соқты. БАӘ біріншілігі пандемияға байланысты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Чемпион анықталған жоқ.
Ермұхамед Мәулен