Бауыржан Исламхан еркін футболшы атанды

Жартылай қорғаушының "Ордабасы" футбол клубымен келісімшарты аяқталған. 

Бауыржан Исламхан еркін футболшы атанды Фото: kff.kz

Сондықтан, ол кез келген клубқа еркін футболшы ретінде бара алады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазып отыр. Оның сөзінше, ертеңнен бастап футболшыға клубтар хабарласа бастайды. 

– Оның келісімшарты аяқталды. Енді ол еркін футболшы ретінде өзі қалаған клубқа ауыса алады. Бұл жаңалықты естіген клубтар ертеңнен бастап Бауыржанға хабарласса болады, – деп жазды Е.Мәулен.

Соңғы маусымда Б.Исламхан "Ордабасы" сапында 28 матч өткізген. Осы ойындарда ол небәрі бір гол соғып, бес нәтижелі пас берген.

Еске салайық, Бауыржан Исламхан 2020 жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға футолдан шеттетілген еді. Бұған дейін даңқты футболшы "Қайрат", "Астана", "Тараз" және "Әл-Айн" (БАӘ) клубтарында ойнады. Өткен маусымда "Ордабасымен" бірге ел чемпионы атағына қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу