Базар жоқ!

6065

Алматыда бірнеше жыл бойы қала  орталығының "сәнін" келтіріп тұрған "Саяхат" базары қалай сүрілді. 

Базар жоқ! Фото: Максим Морозов

Алматы қаласының билігіне 2007 жылы сүрілген  "Саяхат" автовокзалы көлік кептелісі мен қаланың осы бөлігінде жолаушылар трафигін бөлу мәселесін шеше алмағанын түсіну үшін он шақты жыл керек болды.

Сүйінбай мен Райымбек даңғылдары қиылысына көлік жол айрығын салу жайына қалып, бөлінген бұл жерге жартылай заңды "Саяхат" базары орнығып алды.

1967 жылы салынып, кезінде алматылықтарға революцияның елу жылдығына тарту  етілген ғимараттың орнына қала маңы бағытындағы  "Саяхат" деген тарихи атауы бар автостанция орналасты. 

Сонымен қатар онымен аттас әмбебап базар да пайда болды. Бұл базар Алматының осы бөлігінің сәнін қашырып тұрған еді.

Алматы облысының бағдарларындағы магистралдық үлкен автобустардың орнын техникалық  жағдайы күмәнді шағын автобустары бар ешқандай бақылаусыз жекеменшік тасымалдаушылар басып алды.

Ауыз су мен кәріз жүйелері қарастырылмаған дәмханалар қала маңына сапарға шығар алдында "жүрек жалғауға" жарыса шақырып жататын.

Қала билігінің мәжбүрлеуімен жер учаскесінің иелері  бұрынғы автовокзал орнындағы базарды сүріп тастап,  ақырындап құрылыс бастап, аумақты дамытуға кірісті.

Ал біраз жылдық тарихы бар "Саяхат" ғимаратының орнына не салынатыны әзірше белгісіз.

Бәз бір мәліметтер бұл жерде сауда үйі бой көтереді десе, тағы бірінде жаңа автовокзал тұрғызылады делінеді.

Жер учаскесінің иелері бұл жерді қандай игілікке жаратарын алматылықтар ұзамай біліп қалар. Қала әкімі Бауыржан Байбек аталған аумақты тәртіпке келтіріп, оны дамыту жоспарын ұсыну жөнінде сонау сәуір айында тапсырма берген болатын.

Ал әзірше шлагбаум, диктордың саңқылдаған дауысы және дәл мына секілді ақпараттық тақтайша ғана тіпті  Алматы – Самара секілді халықаралық автобус бағдарын қабылдап алып, сапарға шығарып салатын автостанцияның тәртібін елестеткендей.

Базар сүрілген соң  саудагерлерді "енді қайда барамыз" деген сауал қатты толғантқан болатын. Дегенмен, мәселе шешімсіз қалған жоқ. Себебі олар жалдау ақысын төлеуге қауқарлы болғандықтан, қаланың өзге базарларынан да орын табылатыны анық.

"Өткен онжылдықтардың мұрасы" саналатын дәл осы секілді базарлар әсем қаламыздан біржола жойылса екен деген тілегіміз бар.  Алматыны туристік буклеттердің суреттері мен жарнама роликтеріндегідей таза, жарқыраған, әсем ғимараттары бой түзеген,  өзендері сылдырай ағып жатқан, жасыл желекті бақтары бар көркем бейнесінде көрсек дейміз.

Гүлназ Ермағанбетова, Максим Морозов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу