BBC жала жаппаса да, Трамптан басқа әрекеті үшін кешірім сұрады

Әлемге әйгілі БАҚ АҚШ президентіне қатысты (2021 жылдың 6 қаңтары) түсірілген деректі фильмде монтаж жасау барысында қателік жіберген.

BBC жала жаппаса да, Трамптан басқа әрекеті үшін кешірім сұрады Фото: deadline.com

Даудың туындауына Трамптың сөзін контекстен үзіп алып, біріктірілген түрде көрсеткен бейне үзінді себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Нақтыласақ, BBC-дің деректі фильмінде Трамптың "…және біз жанымызды салып күресеміз…" деген сөзі басқа сөйлемдермен біріктіріліп, көрерменге оның мінберден тікелей зорлық-зомбылыққа шақырғандай әсер қалдырған.

Politico мен Reuters басылымдары жазғандай, бұл монтаж көрінісі оқиғаның шынайы ретін бұрмалап, Трамптың әрекетін айқын агрессивті етіп көрсеткен көрінеді.

BBC Трампқа ресми хат жіберген және қателік үшін кешірім сұраған. Десе де, оның талап еткен "жала жабу" немесе "беделге нұқсан келтіру" жөніндегі заңдық шағымдарының еш негізі жоқ екенін мәлім етті. 

Бірақ, BBC ешқандай қаржылай өтемақы төлемеуге бекінген.

Бұған дейін BBC-дің деректі фильмдерге жауапты продюсерлерінің бірі және жаңалықтар бөлімінің аға басшыларының бірі қызметтен кеткен болатын. 

Аталған оқиға халықаралық ақпарат кеңістігінде үлкен резонанс туғызды. BBC өзінің техникалық және редакциялық қатесін мойындап, тіпті Трамптан кешірім сұрағанымен, "заңдық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ" деп есептейді.

Алайда Трамп жақтастары бұл жағдайды оның саяси бейнесіне әдейі жасалған соққы деп бағалап, редакциядағы бақылау тетіктерін күшейту қажеттігін ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу