Bed tax: Елордалық кәсіпкерлер туристік жарна мәселелерін тағы да талқылады

2035

Шетелдік туристер елорда қонақүйлерінде болған әр күн үшін 1725 теңге төлеуге міндеттеледі. Алайда туристік жарна жинаудың нақты механизмі болмағандықтан Астанада туристік сала жұмысын қиындатып отыр.   

Bed tax:  Елордалық кәсіпкерлер туристік жарна мәселелерін тағы да талқылады Фото: inbusiness.kz

Елордалық кәсіпкерлер палатасында туристік жарна мәселелері тағы да талқыланды. Туризм жөніндегі салалық кеңестің жұмысы аясында ұйымдастырылған "дөңгелек үстел" барысында қонақ үй саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер әкімдік өкілдеріне сұрақтарын қойды, деп inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Алайда кәсіпкерлер бірқатар мәселеге тап болды. Мәдениет және спорт министрлігі мұны мойындайды. Қазір бұл кемшіліктер елорданың қонақүй бизнесінің жұмысына кері әсерін тигізіп жатыр. Іс жүзінде bed tax төлеу алгоритмі жоқ. Осы жылдың сәуірінде біз мәселені қалалық мәслихат деңгейінде көтердік. Сол кезде мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына жағдайды түсініп, қажет болған жағдайда туристік жарнаны төлеудің түсінікті алгоритмі әзірленгенге дейін жарнаны салмай тұру бойынша тапсырма берді", – деді кездесуді ашқан Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров 2023 жылғы 15 шілдеде туристік жарна бойынша қағидалар қайта бекітілгенін хабарлады. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, ең төменгі bedtax мқлшерлемесі – 0,3 АЕК және ең жоғары – 0,5 АЕК, статикалық мәліметтерге сәйкес туристердің өсуіне байланысты.

"Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда шетелдік туристердің өсімі 300%-ды құрады. Астанаға 56 мың шетелдік турист келді. Өсімге сәйкес, біз туристік жарнаны 0,5 АЕК немесе 1725 теңге мөлшерінде бекітуіміз керек. Бұл туристің қонақүйде тұру құнына қарамастан белгіленген мөлшерлеме", – деді Қуаныш Сапаров.

"Қалалық туризмді дамыту орталығы" қауымдастығы ЗТБ басшысы, туризм жөніндегі салалық кеңестің төрағасы Татьяна Верницкая бұйрыққа өзгерістер енгізу және белгіленген мөлшерлемені бекіту – елордалық бизнестің жеңісі екенін атап өтті.

"Себебі бұл бізге ыңғайлы. Дегенмен, біз 0-ден 0,3 АЕК-ке дейін белгілеуді  сұрадық. Жұмыс жалғасады деп үміттенемін. Сұрақ ашық болып қалады; құжатта нақтылық керек – адамнан немесе нөмірден жарна алу керек пе? Екінші сұрақ. Егер тоқсанда 56 мың шетелдік турист болса, онда жылына орта есеппен 200 мыңнан астам турист болады. Көп емес. Соған қарамастан, бұл сома Ресейден келген және қонақүйлерде 30 мың теңгеге емес, 10 мың теңгеге тұратын негізгі туристер үшін өте үлкен сома", – деді Татьяна Верницкая.

Осыған байланысты, қауымдастық өкілі Астана қаласында туристік жарнаның мөлшерін жылына екі рет қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ, спикер қолданыстағы қағидаларға сәйкес бизнес өкілдері шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары ретінде анықталғанын, ал бюджет қаражатын қабылдау операторлары үшін жағдай жасалмағанын атап өтті. Төлем жүйесі пысықталған жоқ. ҚР Бюджет кодексінің 11-бабының 5-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне салықтық түсім саналады. Төленген жарналар қандай мақсаттар үшін жұмсалатыны белгісіз.

Қуаныш Сапаров жиналған қаражат Астанада туризмді дамытуға бағытталатынына сендірді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер EQonaq және 2-Туризм жүйелерін пысықтау және интеграциялау қажеттігін атап өтті. Өйткені қазіргі кезде оларды толтыру және есеп беру кезінде көптеген қиындық туындайды.

Елордалық қонақүйдің бас бухгалтері Гүлжанат Қалиева туристік жарнаны төлеу механизміне қатысты bedtax төлемін салыққа немесе пайдаға ма, қайда жатқызуға керегін сұрады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Қымбат Исенова туристік жарнаны қалай көрсету керегі туралы нақты регламент жоғымен келісті.

"Біздің тарапымыздан әкімшілендіру қарастырылмаған, өйткені әзірге механизм министрлік деңгейінде әзірленіп жатыр, – деді Қымбат Исенова.

Жиынды қорытындылай келе, бизнес пен қала әкімдігінің өкілдері елордада туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, мөлшерлеме мен туристік жарнаны төлеу механизмін бекіту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті. Кәсіпкерлер "0" АЕК мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесін қайта қарау және төлеу механизмін пысықтау қажеттігін талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу