Бейбарыс Сұлтан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

448

​Қазақстандық дзюдошы Прагада өткен жастар арасындағы жарыста 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздіктер қатарынан көрінді.  

Бейбарыс Сұлтан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Чехияның Прага қаласында өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, жарыс барысында сәтті өнер көрсетті. Финалда әзербайжандық Рамазан Ахмадовпен белдескен Бейбарыс тартысты кездесуде қарсыласына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Осылайша қазақстандық балуан халықаралық додада күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір жүлде салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу