Қазақстандық, әлемнің 238-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шампейн (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде 514-орында тұрған ұлыбританиялық, 18 жастағы Генри Сирлмен өткізді.
Бірінші партия 6:3 есебімен Бейбіттің пайдасына аяқталды.
Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Жұқаев басым болды – 7:6 (7:4). Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тек біреуін пайдаланды.
Сирл 6 эйспен ғана шектелді.
Бейбіт Жұқаевтың 1/8 финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Сондай-ақ қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев Лиондағы (Франция) дәл осындай додада бақ сынайды. М.Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачкомен, Д.Евсеев корт иесі Кальвин Эмеримен шеберлік байқасады.