Бейбіт Жұқаев бір күнде екі ойында жеңіске жетіп, Бахрейнде сенсация жасады

190

Манамада хард төсенішті корттарда ATP Challenger сериясы бойынша турнир өтуде.

Бейбіт Жұқаев бір күнде екі ойында жеңіске жетіп, Бахрейнде сенсация жасады Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев украиналық Виталий Сачкомен бірге жұптық сайыста Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан турнирдің финалына шықты.

Бір күнде өткен екі кездесуде де қарсыластары фаворит саналғандарымен, Жұқаев пен Сачко жеңіске жетті.

Алдымен қазақстандық теннисші мен оның серіктесі ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген испаниялық Серхио Гомес пен румыниялық Виктор Влад Корнуды 6:7, 6:3, 10:4 есебімен ұтты.

Одан кейін жартылай финалда Барт Стивенс (Нидерланды) / Васил Кирков (АҚШ) жұбын 7:6, 6:7, 10:4 есебімен тізе бүктірді.

Турнирдің финалында Бейбіт Жұқаев пен Виталий Сачко Иван Лютаревич (Беларусь) / Лукас Санчес (Франция) жұбымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу