Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев US Open турнирінің іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші үш сетке созылған тартысты кездесуде британдық Джек Пиннингтон-Джонсты тізе бүктірді – 6:7, 7:6, 6:4. Кездесудің алдында сарапшылар фаворитті атай алмаған еді.
Жұқаев матч барысында 15 эйс орындап, 11 қос қате жіберді. Сондай-ақ, Бейбіт 7 брейк-пойнттің үшеуін жүзеге асырып, қарсыласының 11 мүмкіндігінің жетеуін сәтті қайтарды.
Айта кетейік, Бейбіт іріктеудің екінші айналымына шыққаны үшін 41 800 АҚШ доллар сыйақы алады.
Келесі айналымда Жұқаев америкалық Закари Свайдамен (ATP №143) кортқа шығады. Матч 20 тамыз күні 21:30-да басталады.
Сондай-ақ іріктеудің екінші айналымына Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко да жолдама алды.