BEK AIR екі рейстің ұшу уақытын өзгертті

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
1703

Алматы-Атырау және Атырау-Алматы рейстерінің ұшу уақыты өзгерді.

BEK AIR екі рейстің ұшу уақытын өзгертті

Бұл туралы 19 мамырда BEK AIR әуе компаниясы хабарлады.

"Құрметті, жолаушылар! BEK AIR әуе компаниясы 2017 жылдың 19 мамырында келесі рейстердің ұшу уақыты өзгергені туралы хабарлайды: Алматы – Атырау бағыты бойынша Z9-2105 жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да ұшады, Атырау – Алматы бағыты бойынша Z9-2106 жергілікті уақыт бойынша сағат 14.45-те ұшады. BEK AIR әуе компаниясы келтірген қолайсыздығы үшін кешірім сұрайды!", – делінген әуе тасымалдаушы жариялаған хабарламада.

ҚР инвестиция және даму жөніндегі вице-министрі Роман Скляр жуырда орын алған жағдайда әуе компаниясының қызметкерлері қатаң түрде нұсқама бойынша әрекет еткенін айтты.

"Таблода сол жақ шассиде ақау бар деп шықты. Олар нұсқау бойынша жерге қонды. Одан кейінгі әрекеттерді де біздің мекеменің нұсқауына сәйкес орындады", – деді ол.

Оның ойынша, әуе компаниясы қызметкерлерінің басынан өткен жағдайға полиция қызметкерлерімен пікір білдіруі орынсыз.

"Құқық қорғау органдары мәселенін мән-жайын анықтайды деп ойлаймын. Біздің құзыретімізге келетін болсақ, 18 мамырда инвестиция және даму министрі оқиғаны тексеруді бастау туралы бұйрыққа қол қойды", – деді Роман Скляр.

Бұрынырақ ҚР инвестиция және даму министрлігі (ИДМ) Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшып келе жатқан "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағында орын алған оқиға туралы ақпарат таратқан болатын. 2017 жылдың 17 мамырында сағат 17.15-те БЕК 2013 рейсі, тіркеу нөмірі UP-F1009 "Фоккер-100" әуе кемесі Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшып келе жатқан. Астана әуе айлағынан ұшып шыққаннан кейін экипаж сол жақ шассидің жиналмағаны туралы белгі берілгенін хабарлап, әуе айлағына қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Ұшақ 17.49-да аман-есен жерге қонады. Әуе кемесінің ішінде алты экипаж мүшесі мен 108 жолаушы болған.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 Қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия тексереді. Бастапқы хабарлама комиссия құруға негіз болады. "Бек Эйр" АҚ өкілінен Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің көлік оқиғалары мен инциденттерін тексеру жөніндегі департаментке авициялық оқиға туралы бастапқы хабарлама келіп түсті", – деп мәлімдеді министрлікте.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрінің 2017 жылдың 18 мамырындағы № 276  бұйрығымен аталған авиациялық оқиғаны тексеру үшін комиссия тағайындалды. Тексеру нәтижелері қосымша ұсынылатын болады.

BEK AIR әуе компаниясы өзін Қазақстандағы алғашқы арзан әуе компаниясы (Low-coster) ретінде таныстырады, ол Алматы және Астана қалаларынан Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Жезқазған қалаларына және осы қалалардың арасында, сондай-ақ Оралдан Мәскеу мен Санкт-Петерборға және кері бағытқа ұшады, сонымен бірге ТМД-ның көптеген еліне, БАӘ, Түркия, Моңғолия мен Қытайға чартерлік рейстер жасайды.

Бүгінгі күні BEK AIR әуе компаниясының паркі 108 орындық Fokker-100 үлгісіндегі жеті ұшақтан тұрады.

Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу