Бекман Сойлыбаев рингке қайта оралды

1691

Кәсіпқой боксшы промоутерлік компаниямен келісім-шартқа отырды.

Бекман Сойлыбаев рингке қайта оралды

Ұзақ уақыттық үзілістен кейін жартылай орта салмақта өнер көрсететін WBC чемпионы Бекман Сойлыбаевтың (12-1, 4 КО) рингке оралуы біз ойлағандай сәтті болмады. Боксшы 4 жылдан кейін алғаш рет қайта рингке шығып, қарсыласына жеңілді. Ол осы уақытқа дейін басқа жекпе-жек өткізген жоқ. Енді Бекман болашағынан зор үміт күттіретін боксшылар қатарына қайта қосыла ала ма?

Бекман төрт жыл бойы жекпе-жек өткізген жоқ және ол көп мүмкіндікті жіберіп алды. Ол WBC титулын иеленді. Үлкен жекпе-жектерден үміткер еді. Жалпы қазақстандықтың кәсіпқой бокстың шыңына шығуға толық мүмкіндігі болды. Дегенмен жарақат оның мансабының дамуына өзіндік түзетулер енгізді. Сондықтан ұзақ уақыт бойы бокс әлемінде болмады. Осы уақыт аралығында Сойлыбаев жарақатынан айығу үшін бокстан қол үзді. Таяуда ол боксқа қайта оралып, осы қиын спорттағы алғашқы қадамдарын қайтадан бастады деп айтуға да болады.

Бекманға тәжірибе жинақтап, өз дивизионындағы жағдаймен танысып, қайта бабына келу үшін уақыт қажет. Ал мансабын жандандыру процесін жеңіспен бастау мүмкін болмағаны өте өкінішті, әрине. Тамыз айында ол мексикалық Рамиро Цесенаға (14-0-1, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Әсіресе, мұндай ұзақ үзілістен кейін кездесу оңайға соқпады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді және боксшылар соңына дейін жұдырықтасты. Нәтижесінде, төрешілердің басым бөлігі дауыстарын Цесенаға берді.

Таяуда боксшы жаңа промоутермен келісім-шартқа отырды. Ол алдағы уақытта Adal Promotions компаниясымен жұмыс жасайтын болады. Енді келер жылды асыға күтеміз. Бекман жаңа маусымды 22 қаңтарда өтетін Ақтаудағы жекпе-жекпен бастауды жоспарлап отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу