Бектенов жаңа Салық кодексі бойынша ұсыныстарды қайта талдауды тапсырды

180

Өңірлер де осы жұмысқа тартылмақ.

Бектенов жаңа Салық кодексі бойынша ұсыныстарды қайта талдауды тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Салық кодексі бойынша ұсыныстарды қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек, бұл туралы Президент  ерекше атап өтті. Осыған байланысты Сізге, Серік Мақашұлы, жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап,  мұқият талдауды тапсырамын. "Атамекен" Ұлттық палатасының өкілдерін,  экономистер мен сарапшыларды тарта отырып,  жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жасау керек. Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз", – деді Үкімет басшысы. 

Оның сөзінше, өңірлерді де осы жұмысқа белсенді тарту қажет. 

"Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз", – деді Олжас Бектенов.

Айта кету керек, бұған дейін Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу жөнінде жобалық кеңсе құрылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу