Бекзат Нұрдәулетов - Әлем чемпионы!

5203

Қазақ боксшысы Әлем чемпионы атағын жеңді. 81 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбек боксшысын жеңді. 

Бекзат Нұрдәулетов - Әлем чемпионы!

81 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысы Дилшодбек Ризметовтен басым түсті. Осыған дейін жартылай финалда кубалық қабылан Хулио Крусты жеңген маңғыстаулық боксшы осы Әлем чемпионатында күллі көрерменді таңқалдырды. Бекзат Нұрдәулетов осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Айта кетуіміз керек осы сәтке дейін 4 боксшымыз қола медаль еншіліген еді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу