Қазақстандық ММА жауынгері Бекзат Алмахан (11-2) Монреальда өтетін UFC 315 турнирі алдында канадалық Брэд Катонамен (14-4) ресми көзқарстар айқасын өткізді.
Катона – "Супермен" лақап атымен танымал, UFC-дің The Ultimate Fighter шоуының жеңімпазы, тәжірибелі спортшы екенін айта кетейік.
Алмахан үшін бұл UFC-дегі екінші кездесу. Ол әлемнің ең мықты промоушенінде дебютін 2024 жылдың наурызында Умар Нурмагомедовқа (18-1) қарсы өткізген болатын. Жекпе-жекте қарсыласқа ұпай санымен есе жіберсе де, жанкүйерлердің құрметіне ие болды.
Алмахан – Катона айқасы 10 мамырдан 11-іне қараған түнде өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 03:30-да басталады.