Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

293

Қазақстандық спортшы өнер көрсететін  UFC 315 турнирінде Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан ауыр жарақатынан кейін UFC-ге қайта оралып, Монреальда өтетін UFC 315 турниріне қатысады.

Ол канадалық Брэд Катонамен кездеседі. Бұл Алмахан үшін UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Қазіргі таңда оның UFC-дегі көрсеткіші – 0 жеңіс және 1 жеңіліс, ал жалпы ММА-дегі көрсеткіші – 11 жеңіс және 2 жеңіліс.

Турнирдің басты оқиғасы – жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек болмақ.

Бүгін олар көзқарастар айқасын өткізді. Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болатыны анықталады. 

Сондай-ақ, турнирде Валентина Шевченко UFC-дің әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын Манон Фьороға қарсы қорғайды.

UFC 315 турнирі аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін қызықты әрі тартысты болары сөзсіз. Турнир Қазақстан уақыты бойынша 11 мамыр таңғы уақытқа жоспарланған (4.30) және Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу