27 жастағы Бекзат алдын ала картада 33 жастағы жергілікті спортшы Брэд Катонамен (14 жеңіс, 5 жеңіліс) жекпе-жекке шықты.
3 раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек небәрі 64 секундта аяқталды.
Бекзат қарсыласына дәл соққы жасап, оны нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл Бекзаттың кәсіпқой мансабындағы 12-ші жеңісі болды. UFC-дегі көрсеткіші енді 1 жеңіс, 1 жеңіліс.
2024 жылдың наурызында ол UFC-дегі алғашқы кездесуінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Алайда сол кездесуде де ол Умарды 1-раундта нокдаунға түсіріп, есте қалған.