Нұр-Сұлтанда өткен бокс кеші аясында жартылай ауыр салмақ бойынша (79,3 келіге дейін) Бекзат Нигериядан келген Кабиру Товолавиден (13-3, 10 КО) басым түсті.
22 жастағы Нұрдәулетов алты раундтық кездесуді тамаша өткізді. Қарсыласына соққыларды орташа қашықтан бағыттады. 40 жастағы Товолави жауап беруге тырысты. Бірақ өзінің қарсыласынан тәжірибесінің көп екеніне қарамастан, әлсіздеу болды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Бекзатқа беру туралы шешім қабылдады.
Нұрдаулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде танзаниялық 28 жасар танзаниялық Ибрагим Маоколаны екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Қазақстандық 2019-жылғы Әлем чемпионы және 2021-жылы Токиода өтетін Олимпиадада 81 келіге дейінгі салмақ бойынша ел намысын қорғайды. Қараша айында ол бокстан ел чемпионы атағын да жеңіп алған болатын.
Бүгін өткен бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Евгений Павлов шаршы алаңға шықты. Ол жартылай орта салмақ бойынша өнер көрсетіп, Филиппиннен келген 28 жасар Алие Лаурельді жеңді.
Жекпе-жек алты раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Павлов үшін бұл кәсіпой рингтегі үшінші жекпе-жек болды. Алдыңғы екі жекпе-жекте де ол мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ал Лаурель 18 жеңіс пен бір тең нәтижемен бесінші рет жеңіліс тапты.
Сонымен қатар қазақстандық боксшы Данил Семенов ганалық Абрахам Табулды жеңді. Жекпе-жек ауыр салмақ бойынша өтті (90 келіден жоғары) және алты раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Семеновке берді. Данил үшін бұл кәсіби деңгейдегі екінші жекпе-жек болды. Оның дебюті қазан айында Атырауда өтіп, төртінші раундта Малавиден келген Мусса Аджибаны нокаутқа жіберген еді.
Естеріңізге сала кетсек, кештің басты оқиғасы - Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО). Ол ганалық боксшы Исса Самирге (19-0, 16 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы WBC, WBO және WBA титулдарын қорғайтын болады.
Ермұхамед Мәулен