Беларусь Елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

2348

Қос тарап қазіргі уақытта әлемде болып жатқан геосаяси жағдайды талқылады.

Беларусь Елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпинмен кездесуі барысында Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, Министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушіліктер саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді. 

Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті. 

Осыған байланысты Министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу