"Belgrade Winner" бокс турнирі Еуропадағы ең көне жарыстардың бірі. Жыл сайын Сербияның Белград қаласында өтеді.
2025 жылы 62-ші "Belgrade Winner" турнирі 4-10 ақпан аралығында Раковица спорт орталығында ұйымдастырылмақ.
Бұл жарыс дәстүрлі түрде әлем чемпионаттары сияқты ірі халықаралық жарыстарға дайындықтың ең маңызды кезеңі.
Өткен жылы турнирге 16 елден 128 боксшы қатысып, Черногориялық Томислав Джинович үздік боксшы трофейін жеңіп алған болатын.
2025 жылы аталмыш бәсеке ерекше маңызға ие. Өйткені алда наурыз айында Ниш (Сербия) қаласында әйелдер арасында, мамыр немесе маусым айларында ерлер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Ұлттық құрама бапкерлері Белградтағы халықаралық жарыста келесі боксшыларға сенім артып отыр:
- 48 келі: Нұрғиса Тұрабеков
- 51 келі: Рамазан Нұрлыбаев
- 54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы
- 57 келі: Жансері Көшербаев
- 63.5 келі: Бекзат Макжан
- 67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал
- 71 келі: Өнер Сейілхан
- 75 келі: Бақберген Алиасқаров, Санжарәлі Бегалиев
- 80 келі: Ильяр Аширов
- 86 келі: Дәурен Мамыр
- +92 келі: Нұрасыл Асылхан
Осылайша, "Belgrade Winner" турнирі спортшыларға өз дайындықтарын пысықтап, алдағы әлем чемпионаттарына әзірленуге тамаша мүмкіндік береді.