Бердібек Сапарбаев: "Ұзақмерзімді шарттар жергілікті кәсіпкерлердің дамуына серпін береді"

1816

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың сатып алуларын жергіліктендіру жобасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына таныстырылды.  

Бердібек Сапарбаев: "Ұзақмерзімді шарттар жергілікті кәсіпкерлердің дамуына серпін береді"

18 желтоқсан күні Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына келді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Индустриялық алаң және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Технопаркте Сатып алуларды жергіліктендіру жобасы шеңберінде  ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына Жаңаөзен қаласында 600 жұмыс орнын ашып, жаңа өндірістерді құруға дайын кәсіпкерлердің 19 бизнес-жобасы таныстырылды.

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың сатып алуларын орналастыру жобасын "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосты. Аталған бастаманы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі қолдады. Жоба Жаңаөзен қаласының 2019-2025 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына қосылған. Сатып алуларды орналастыру бойынша жобаның іске қосылғанынан кейін бір апта ішінде Кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне өңірдің 30-дан астам кәсіпкері қатысуға өтінім берді. Бизнесмендер Жаңаөзен қаласында жаңа цехтерді ашу есебінен инвестициялауға, жаңа бизнес-жобаларды іске қосуға және өндірістік қуаттылықты кеңейтуге дайын.

Вице-премьер локализациялау бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен және құрылатын жұмыс орындарының санымен танысты. Іс-шара барысында Бердібек Сапарбаев өзінің жетекшілігімен жобаның жұмыс тобын құру, технопарк инфрақұрылымын дамыту, жергілікті компаниялардан сатып алудың басымдылығын бекіту мақсатында  нормативтік-құқықтық актілер және "Самұрық-Қазына" Қорының ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

"Бүгінде кәсіпкерлер Жаңаөзен қаласында инвестициялауға дайындықтарын көрсетіп, өндірістік жоспарды таныстырды. Жобалардың іске асуы ұзақ мерзімді шарттардың берілуіне байланысты. "Өзенмұнайгаз" АҚ сынды қала құрушы компанияның тауарлар мен қызмет көрсету бойынша сатып алуларының жыл сайынғы көлемі 220 млрд теңгеден асады. "Атамекен" ҰКП және "Самұрық-Қазына" АҚ-тың Үкімет деңгейінде ұсынған бұл жобасын біз қолдаймыз. Сонымен қатар осы бағытта жергілікті атқарушы органдардың жан-жақты қолдауы керек, облыстық және қалалық әкімдіктер жобаға белсенді жұмылып, бастамаларды өздеріне алуы керек. Бірлескен жол картасын құрып, ең бастысы – компаниялардың ашық іріктеуін, жұмыс орындарын мониторингілеу жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз ету керек. Жобаның фронт-кеңсесі ретінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын таңдауға болады", – деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, үкіметтік делегация Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы және Маңғыстау мен Ақтау қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты. "Бизнеске арналған үкімет" кеңселерін құру бойынша бастамалар қолдау тапты.

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге арналған  мемлекеттік қызметтердің толық пакетін қамтамасы ету жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

"Біздің "Самұрық-Қазына" АҚ, Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлескен жұмысымыз жалғасады. Бүгінде жобалардың алғашқы тексерілген пулы таныстырылды. Негізінде өтінім берген әлеуетті бизнес-жобалардың саны екі есе көп болды, өтінімдер әлі де келіп жатыр. Іс-әрекеттер алгоритмі мақұлданған, өтінімдерді қабылдау мен бастапқы тексеруді біз жүргіземіз, ары қарай Қор және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспарланған. "Самұрық-Қазына" АҚ қорымен бірлесіп, бизнес тарапынан сапа критерийлері мен қызметтердің бәсекелстік құнын ұстанумен басымдықтардың ішкі нормалары бекітіледі. Бизнестің кері міндеттемелеріне арнайы комиссия мониторинг жүргізеді", – деді Эльдар Жұмағазиев.

Сонымен қатар ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары жобаның табыстылығы жергілікті билік және "Каспий" ӘКК-тің жұмылуына байланысты екенін айтты. Бұл шара Технопарк шеңберінде және одан тысқары  жер телімдері мен орынжайларды бөлу, инфрақұрылым желілерін жүргізу, бизнес-жобаларды іске асыруда қажетті рұқсат беру процедуралары бойынша жедел шешім қабылдауда қажет.

Кездесуге қатысқан бизнесмендердің айтуынша, келісімшарттардың шектеулі мерзімі (12 айдан артық емес) кәсіпорындарды дамытуға кедергі келтіреді. Қор және "Атамекен" ҰКП-ның кәсіпкерлерді қолдауға қатысты бірлескен жұмысы  жобадан тысқары да жалғасын табады. Жаңаөзен қаласында 17 желтоқсанда бастау алған "Самұрық-Қазына" тобы сатып алулар процедураларына оқыту, соның ішінде электронды портал және алдын ала іріктеу олқылықтарына қатысты ақпарат беру ақпан айына дейін жалғасып, тұрақты түрде өткізілетін болады. Жергіліктендіру жөніндегі жобаға қатысуды жоспарлаған кәсіпкерлердің өтінімдері Жаңаөзен қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады, мекенжайы: Сәтпаев көшесі 1а, Неке қию сарайы ғимараты, Ақтау қаласында 35-ы/а, 2-құрылыс. Анықтама телефоны: 1432.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу