Бес ірі банк басқа банктерді кредит нарығынан ығыстырып тастады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3068

Екінші деңгейлі банктер проблемалық кредиттерден құтылып жатыр. 

Бес ірі банк басқа банктерді кредит нарығынан ығыстырып тастады

Қараша айында қазақстандық банктердің қарыз портфелі қазан айымен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 13,3 трлн теңгені құрады. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 пайызға азайды. 

Елдегі 28 банктің тек 9-ы ғана жылдық көрсеткішті "плюспен" жапса, соның ішінде бес банк, яғни АТФ, Каспий, ТҮҚЖ, Хоум Кредит және Халық банктері кредит портфельдерін 20 пайызға дейін ұлғайтты. 

Қалған банктердің кредит портфелінің ықшамдалуына ондағы проблемалық кредиттер көлемінің азаюы себеп болды. Жалпы, қазір банктер жаппай "нашар" кредиттерден арылуға асығып жатыр. Мәселен, уақыты өтіп кеткен кредит көлемі былтырғыдан 33,6 пайызға азайып, қазір бар болғаны 1,9 трлн теңгені құрады. Ал 60 күннен асып кеткен берешектер көлемі 36,1 пайызға азайып, 1,1 трлн теңге болды. Нәтижесінде 60 күннен асып кеткен берешектің жалпы банктердегі кредит портфелінің былтырғы 20,4 пайызынан биыл 14 пайызына дейін төмендеді.

Дегенмен, ірі банктердің ішінде тек үшеуі ғана өздерінің кредит портфельдерінің сапасын арттыра алды. Солардың қатарындағы АТФ банкі көш басында келеді. Бұл банк "нашар" несие көлемін бір жыл ішінде 144,9 млрд теңгеге, яғни 56,2 пайызға азайта алды. Бұл банктің кредит портфелінің бар болғаны 11,6 пайызы. Ал банктің жалпы кредит портфелі былтырғыдан 21,9 пайызға көбейгені белгілі. 

Кредит портфелінің сапасын жақсартқан банктер тізімінің екінші сатысында Сбербанк тұр. Бұл банктің нашар қарыздар портфелі былтырғыдан 47,6 пайызға азайып, ал жалпы қарыз портфелі бір жылда 9,2 пайызға артты. 

Үздік үштікте – Форте банк. Бұл банк нашар несие көлемін 2,2 пайызға азайтқан. Банктің несие портфелі осы уақыт аралығында 13,1 пайызға көбейткен. 

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу