5 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

646

Бүгін таңғы сессияда өнер көрсеткен 5 боксшымыз да алтынға таласады. Ал кешкі сессияда тағы 4 боксшымыз финалға жолдама алу үшін сынға түседі. 

5 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Нурислам Қалдыбаев Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) финалына шықты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсеткен Қалдыбаев Бутан елінің өкілі Дечен Дорджиді сенімді түрде жеңді.

Ол жекпе-жекті бірінші раундта аяқтады. Бауырға дөп тиген соққыдан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Қазақстандық тағы бір боксшы Илья Калинин финалға жекпе-жексіз шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда филиппиндік Марк Эшли Фахардомен кездесуі тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Қазақстандық Нұрбек Мұрсал да финалға жолдама алды. 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мұрсал малайзиялық Мұхаммад Арифф Айман Мохд Фаридті ұпай саны бойынша жеңді.

Санжарәлі Бегалиев 80 келіге дейінгі салмақта U22 турнирінің финалына шығу үшін үндістандық Анкушпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Үш раундтың қорытындысы бойынша барлық төреші бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Енді Санжарәлі алтын үшін айқасады, ал Анкуш қола жүлдеге ие болды.

90 келіде Темірлан Мұқатаев Мун Ёчханды (Оңтүстік Корея) нокдаунға жіберіп, финалға шықты. 

Бүгін тағы төрт боксшымыз финалдық жолдамаларды сарапқа салады. 

Кешкі сессия (басталуы – 15:00):

  • 48 кг: Гүлназ Бурибаева – Биндерия Содон-Од (Моңғолия)
  • 70 кг: Бақыт Сейдіш – Парнджал Ядав (Үндістан)
  • 75 кг: Шұғыла Налибай – Шрути (Үндістан)
  • 80+ кг: Әсел Тоқтасын – Диёрахон Абдуманнобова (Өзбекстан)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу